Петропавлда 16 жастағы оқушыдан туберкулез анықталды

31.07.2026 09:21 Әсел МҰРАТ
Петропавлда 16 жастағы оқушыдан туберкулез анықталды
138
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Петропавлда 16 жастағы мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, деп хабарлайды Politico.kz Qazaqstan Media порталына сілтеме жасап.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, медициналық мекемеден қаладағы мектептердің бірінде білім алатын жасөспірімнен туберкулез анықталғаны жөнінде шұғыл хабарлама түскен. Ауру оқушы флюорографиялық тексеруден өту кезінде белгілі болған.

Жасөспірім дереу ауруханаға жатқызылды. Мамандар оған бактерия бөлетін туберкулездің ашық түрі, яғни МБТ+ диагнозын қойған. Қазір ол облыстық фтизиопульмонология орталығында тиісті ем қабылдап жатыр.

Ауру ошағында санитариялық-эпидемиологиялық мамандар дезинфекциялық шаралар жүргізді. Сонымен қатар науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы медициналық тексеруден өтуде. Олардың қатарында жасөспірімнің отбасы мүшелері, мектептегі оқушылар мен мұғалімдер, сондай-ақ ол барған емхана қызметкерлері бар.

Бұдан бөлек, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жасөспірім тіркелген медициналық ұйым мен ауру анықталған мекемеге қатысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий