Петропавлда 25 жастағы жұмысшы қатты күйіп қалды

Петропавлда 25 жастағы жұмысшы қатты күйіп қалды
Өндірісте ауыр оқиға болды

16 сәуір күні Петропавл қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірінде өндірістік оқиға болып, жас қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға «Маслодел» ЖШС-де болған. 25 жастағы автоматтандырылған басқару жүйелері операторы өндіріс барысында буға күйіп қалған. Дәрігерлер оған екінші дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойған. Жас жігіттің иығы, қолы және бетінің бір бөлігі зақымданған.

Мамандардың айтуынша, оның денесінің 30 пайыздан астамы күйік шалған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Ол Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу