Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам көз жұмды

Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам көз жұмды
Фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз тұнба ішкен 48, 52 және 75 жастағы үш адам белгісіз сұйықтықтан уланып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Politico.kz.

Олардың екеуі қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 52 және 48 жастағы науқастардың бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі келесі күні көз жұмған. 

75 жастағы ер адамның жағдайы өте ауыр.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Қоқыс контейнерінен сұйықтығы бар бөтелке тәркіленді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бұл азаматтар қоқыс контейнерлерінен тапқан бөтелкедегі сұйықтықты ішкен. Полиция аталған сұйықтықты алып, сараптамаға жіберді», - деді полицейлер.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу