Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайтыны белгілі болды

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайтыны белгілі болды
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда күннің бірінші жартысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«28 қазанда күннің бірінші жартысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымды жариялауды жоспарлап отырмын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу