Петропавлда студенттің жоғалғанына тоғыз ай болды
Петропавлда Солтүстік Қазақстан университетінің 20 жастағы студенті Анатолий Филипповты іздестіру жұмыстары тоғыз айдан бері жалғасып келеді. Ол 2025 жылдың 4 мамыры күні кешкі сағат 21:30 шамасында жатақханадан шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Петропавлда Солтүстік Қазақстан университетінің 20 жастағы студенті Анатолий Филипповты іздестіру жұмыстары тоғыз айдан бері жалғасып келеді. Ол 2025 жылдың 4 мамыры күні кешкі сағат 21:30 шамасында жатақханадан шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен
Анатолий – Қозыбаев атындағы университеттің үшінші курс студенті, «химия–биология» мамандығында оқыған. Өзі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданынан. Ата-анасы ауылда тұрады, ал Толя Петропавлдағы студенттік жатақханада тұрған.
Туыстарының айтуынша, 4 мамыр жексенбі күні мерекелік демалыстан кейін ауылдан қалаға оралған. Көңіл күйі жақсы болған, үйден азық-түлік пен сәлемдемелер алып келген. Алайда дүйсенбі-сейсенбі күндері анасы қоңырау шалғанымен, ол телефонға жауап бермеген.
Байланыс үзілген соң туыстары жатақханаға барып, полицияға жүгінген. Іздестіру жұмыстарына полицейлерден бөлек еріктілер, студенттер мен оқытушылар да қатысқан. Ұялы телефонның соңғы сигналы
Подгора шағынауданында тіркелгендіктен, іздеу сол аумақта жүргізілген.
Құтқарушылар да тартылып, өзен жағалауы қайықпен тексерілді, дрондар қолданылды, сүңгуірлер мен суасты аппараты жұмыс істеді.
9 мамыр күні бұталардың арасынан курткасы мен құлаққабы табылған. Бұдан кейін ешқандай із болмаған.
Туыстары бұл жағдайды «қорқынышты жұмбақ» деп атайды. Олардың сөзінше, Анатолий сабырлы, тәртіпті, білімге құштар жас болған. Мектепте жақсы оқыған, университетке грантпен түсіп, шәкіртақы алған.
Полиция өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын да қарастырған, алайда жақындары бұл жорамалмен келіспейді.
Облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
Белгілері: бойы 175 см, арықша келген, шашы қысқа әрі қара. Шап тұсында операциядан қалған тыртық бар.
Туыстары Анатолий туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.
Соңғы жаңалықтар