Петропавловлда кәріз құдығынан әйелдің денесі шықты
Петропавлдағы қалалық аурухана маңындағы кәріз құдығынан әйел адамның мәйіті табылды. Қазір тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы HALYQSTAN арнасына сілтемемен.
Мәйіт қатты бұзылған. Ол құдық ішінде ұзақ уақыт жатқан болуы мүмкін. Өңірде бірнеше апта сақталған аномальды ыстық ауа райы жағдайды ушықтырған. Марқұмның жеке басын бірден анықтау мүмкін болмады. Көзбен қарағанда әйел шамамен 40 жаста, жанынан ешқандай құжат табылмаған.
Құқық қорғаушылар сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар өлімнің нақты себептері мен мән-жайын анықтауы тиіс.
Осыдан бір ай шамасында Петропавлда 44 жастағы Татьяна Д. жоғалып кеткен болатын. Алайда құдықтан табылған мәйіттің дәл сол әйел екені әзірге ресми расталмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.11.2026
17:51
Заңға адалдық – әділетті қоғамның негізі
28.11.2026
17:39
Маңғыстауда екі адамды толқын ашық теңізге алып...
28.11.2026
16:44
Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген...
28.11.2026
16:18
«Таныстарым бар» деп 7 млн теңге сұраған заңгер...
28.11.2026
15:33
Telegram iPhone иелеріне шұғыл ескерту таратты
28.11.2026
15:06
«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актерд...