Португалиялық футболшы Диогу Жота көз жұмды
983
Португалиялық футболшы Диогу Жота жол апатынан көз жұмды
Испанияның батысындағы Самора провинциясында ауыр жол апаты орын алып, салдарынан «Ливерпуль» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота қайтыс болды. Қайғылы оқиға футболшының үйлену тойынан небәрі он күн өткен соң тіркелді.
Апат кезінде Жотамен бірге оның туған інісі де көз жұмғаны хабарланды. Диогу Жота 28 жаста еді.
Жергілікті БАҚ таратқан мәлімет бойынша, Жота отырған көлік трассадан шығып кетіп, отқа оранған. Оқиға орнынан түсірілген алғашқы кадрлар апаттың қаншалықты жойқын болғанын көрсетеді - Lamborghini маркалы көлік түгелдей жанып кеткен.
Футбол әлемі бұл суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдауда. Жотаның клубы мен ұлттық құрамасы тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады