Премьер-министр QazaqGaz басшысын сынға алды

Мәселелерді көбірек көтеру керек - Олжас Бектенов QazaqGaz басшысына ескерту жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет отырысында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов елді мекендерді газдандыру жұмыстары туралы баяндады.
— Сіздің жұмысыңызда ешқандай проблема жоқ па? Тек жағымды нәтижелерді ғана көрсеттіңіз. Мәселелерді көбірек айту керек, оларды талқылауға шығару қажет. Осындай мәселелер бар ма? – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Санжар Жаркешов Қашағандағы газ өңдеу зауытындағы мәселелерді атап өтті.
— Қашағандағы газ өңдеу зауытында шынымен де мәселелер болды, ол туралы өзіңіз де білесіз. Құрылыс жобалары мен жұмыстар баяу жүрді. Қазір жаңа бас мердігер тартылды. Құрылыстың жүру барысына қатысты мәселелер шешілді, жабдықтар 100% Қытайдан жеткізілді. Құрылысты белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, — деді QazaqGaz басшысы.
Соңғы жаңалықтар




