Президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.
Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді.
Артур Ластаев аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді.
Оның айтуынша, былтыр омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері жөнінде баяндалды.
Атап айтқанда, азаптаудың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген.
Азаматтардың құқығын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.
Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты.
Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...