Президент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің төрағасын қабылдады

Президент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің төрағасын қабылдады
08.07.2025 15:16
0
143
Ақорда

Президент Тоқаев ICAO кеңесінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады. Кездесуде Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы жетістіктері мен алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.

Президент еліміздің өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы мемлекет екенін атап өтті. Бұл бастама ұшу қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, халықаралық стандарттарға сай келуге жол ашты. Сонымен қатар, Монреаль қаласында ICAO жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі өз жұмысын бастап кеткені де айтылды.

Бүгінде Қазақстан әлемнің 30-дан астам елімен тікелей әуе қатынасын орнатты. Алдағы уақытта Нью-Йорк, Токио және Сингапур бағыттарына рейстер ашу жоспары пысықталуда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өткен жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа әуежай терминалдарының ашылғанын атап өтті. Айта кетерлігі, Алматы әуежайының жолаушылар өткізу қабілеті жылына 2,5 миллионнан 14 миллион адамға дейін артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ICAO арасында қол қойылмақ азаматтық авиацияның бас жоспарының маңыздылығына тоқталып, оны еліміздің авиация саласын ұзақмерзімді дамыту стратегиясы ретінде атады.

Өз кезегінде Сальваторе Шаккитано Қазақстанның авиация саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, саланың қарқынды даму жолына түскенін және нақты құрылымының қалыптасқанын атап өтті.

Кездесу соңында Президент Тоқаев халықаралық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сальваторе Шаккитаноны I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий