Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Федерация Кеңесі төрағасының сапары Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық байланысты нығайту тұрғысынан ғана емес, көпжоспарлы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.
"Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент парламентаралық дипломатияның ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосып келеді.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық басымдықтары талқыланды.