Президент құрған жұмыс тобы Парламенттің тамырына қан жүгіртпек
571
Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды. Бұл топ Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында құрылды.
Жұмыс тобының құрамына Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Мәжілістегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері кірді.
Бұдан бөлек, топқа ғылыми институттардың басшылары, конституциялық құқық пен мемлекет және құқық теориясына маманданған белгілі заңгер-ғалымдар, Ұлттық Құрылтай мүшелері және сарапшылар енгізілді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...