Продюсер Гүлнұр Мамасарипова көптен күткен жаңалығымен бөлісті

Белгілі продюсер Гүлнүр Мамасарипова өзінің Instagram парақшасында халық көп күткен жаңалығын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Көптің жүрегінен орын алған "Келінжан 6" сериалын түсіруді бастамақ. Продюсер туындыны күзде шығаруды жоспарлап отыр.
"Мен сіздерге айтпай талай дүние жасап тастадым, екі күннен кейін “Келінжан 6” түсіруді бастаймыз. “Енді істемеймін” деп бәрібір істей беретін әйелдер бар ғой, сол мен. “Келінжан” түсірмеймін деп едіңіз ғой” дегендерге “Примерно дедім ғой” дейін деп тұрм примерно. “Норм ба, стрем ба” күзде айтасыздар, әзірге хотя бы мен қарапайым сериал түсіре берейін деп шештім. Әйтпесе қаз әшейін жүрген продюсер таппайсың дим, бәрі Дж. Кэмерон. Маған аудитория алып келген ол менің сериалдарым! Сондықтан да мен көрермендеріме сериал ұсынуды тоқтатпаймын, алмақтың да салмағы бар. Күзде бәрібір сұрайсыздар “Келінжанды” , былтыр шықпай қалғанда көңілі түскен көрерменнің қарасы көп болды. Биыл тағы да тәуекел етіп отырмыз. “Шаршағандар” көрмей-ақ қойсын, битке өкпелеп тонымызды өртемейміз", деп жазды ол.
Желі қолданушылары Мамасарипованың бұл жаңалығына қуаныштарын жасыра алмай, сәттілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар





