"Психотроптық заттар қолданады": Әнару Құрманәліге қатысты тың дерек шықты
0
755
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың Әнару Құрманәлінің психологиялық-наркологиялық денсаулығына сараптама жүргізу үшін арыз түсіргені белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Самат Мамутов айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, боксшы әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты тарап жатқан видеоларды тексеруді сұрап, полицияға өтініш білдірген. Сондай-ақ ол Құрманәлінің басқа адамдардың үстінен осылай арыз түсіріп, олардан ақша алғаны туралы деректерді тексертіп жатыр екен.
Оқи отырыңыз: Әнару Құрманәлі 8 жылға сотталуы мүмкін: Жанқош Тұраров оның үстінен арыз жазды
Егер осы ақпараттар ресми органдар арқылы расталса, сіздерге хабарлаймыз. Ал, бізге келіп түскен ақпарат бойынша және интернетте таралып жатқан бейнематериалдар бойынша, арызданушы Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған 19 тамыз күні Әуезов полиция басқармасына масаң күйде барған. Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, киімі жыртылып, жартылай жалаңаштанып, өзінің бейәдеп мінез-құлқын көрсеткен. Мен осыған байланысты сұрау салып, Әуезов полиция басқармасының ғимаратындағы бейнебақылау камераларының жазбасын сұратып, іске тіркеуге және тексеруге, оған құқықтық баға беріп, жаза қолдану туралы сотқа дейінгі тергеушіге өтініш білдірдім. Арызданушы Әнару Құрманәлидің өз әрекеттеріне жауап бермейтін теріс қылықтары интернетте тарап жүр. Егер ол рас болса, іс аясында арызданушыға сот-психиатриялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Өйткені, бізге ол психотроптық заттар қолданады деген ақпараттар түсіп жатыр, - дейді Мамутов.Фото: Qaz365.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
05.01.2026
09:42
«9 келі салмақ тастадым»: Тоқаев денсаулығы жай...
05.01.2026
09:37
«Экрандағы махаббат па, әлде шын сезім бе?»: Ая...
05.01.2026
09:30
Бүркіт пен Аишаның қазақы кілемі жаңа жылдық ат...
05.01.2026
09:25
Путин маған Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойы...
05.01.2026
09:21
Салық төлеу бұрын міндет болса, енді отаншылдық...
05.01.2026
09:00
"Артында алты баласы қалды": боксшы Марат Мәзім...