Путин Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсіміндегі Ресейдің қатыспауын сынға алды

Путин Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсіміндегі Ресейдің қатыспауын сынға алды
03.02.2025 11:49
0
875
Ашық дереккөз
Путин халықаралық қауымдастықтың тарихи әділетсіздігіне алаңдаулы

Ресей президенті Владимир Путин КСРО-ның фашистік концлагерьлерді, соның ішінде Освенцимді азат етудегі рөлін елемеуді ұятты жағдай деп атады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Reuters:Путиннің айтуынша, Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Освенцим мен басқа да лагерьлерді азат етуі тарихтағы маңызды оқиға болып табылады. Дегенмен, Польшада өткен лагерьдің 80 жылдығына арналған шараларға Ресей шақырылмаған. Бұл шешім Ресей мен Украина арасындағы қазіргі геосаяси жағдайға байланысты қабылданған.

«Бұл, әрине, оғаш әрі ұятты жағдай. Ресей саясатымен немесе президентімен келіспеу – бір басқа мәселе. Бірақ тарихи әділеттілікті сақтау керек еді. Кеңес сарбаздарының отбасыларын шақыруға болар еді», – деді Путин ресейлік мемлекеттік арнаға берген сұхбатында.

1944-1945 жылдары кеңес әскерлері Освенцим, Майданек, Заксенхаузен сияқты нацистік лагерьлерді азат еткен. Освенцимде 1,1 миллионнан астам адам, негізінен еврейлер, газ камераларында, аштықтан және аурудан қаза тапқан. Сонымен қатар, поляктар, сығандар және кеңес соғыс тұтқындары да лагерь құрбандары болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или