Путин мамыр айында Қазақстанға келеді
1230
Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуын қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz порталы РФ президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесіп, Ресей президенті мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін осы маңызды жиын аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды және бұл ұсыныс ризашылықпен қабыл алынды.
Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамыту барысын талқылап, сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді бірлескен жобаларға баса назар аударды. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме соңында президенттер тығыз байланыста болуға уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...