Қайрат Нұртастың анасы ұлының бостандыққа қашан шығатынын айтты
990
Әнші Қайрта Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының бостандыққа қашан шығатынын айтты. Ол баласы үшін Шымкентке арнайы ұшып барды, деп хабарлайды Politico.kz.
Гүлзира Айдарбекова немерелері жолдаған хаттарды Instagram желісіне жариялады. Белгілі продюсер перзентін бүгін түнгі сағат 00:00-де шығарып алмақ екенін жеткізді.
«Жандарым менің. Әкелеріңді 19-на ұшып барып, түнде Алла бұйыртса шығарып аламыз деп отырмын. Сендерді уайымдап жатыр. Сендер аман болыңдар», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.Кеше Қайрат Нұртастың анасы ұшақтан фото жариялап, Алматыдан Шымкентке ұшып бара жатқанын көрсетті. Айта кетейік, 5 шілде күні әнші Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалып, артынша сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Осы әрекеті үшін ол 15 тәулікке қамалды.
Фото: instagram.com/kair_n
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады