Қалыңдық party өткізген Айгүл Иманбаеваға құрбылары не сыйлады?
1063
Әнші Айгүл Иманбаева қалыңдық кешін ұйымдастырған құрбыларына алғыс айтты.
Өнер иесі тұрмысқа шығар алдында жақын құрбысы өзіне естен кетпес тосынсый ұйымдастырған. Жаңа отау иесіне "Қалықдық Party" жасап берген. Өнер иесінің "Hen party" шарасы Англияда ерекше локацияда өткен.
Мен негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы "Қалыңдық патиі". Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз", – деп жазды Иманбаева.
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...
10.08.2026
18:48
Петропавл орталығында әйелдердің гигиеналық зат...
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...