"Қалыңмал бергенбіз": Меркіде көз жұмған 19 жастағы келіншектің енесі оның киімдерін бермей қойды
1348
Жамбыл облысы Меркі ауданында күйеуінің қолынан көз жұмған 19 жастағы Мадинаның қайын жұрты марқұмның жеке заттарын туған анасына қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға орнына арнайы барған Жан Ахмадиев марқұмның анасымен бірге қыздың киім-кешегі мен жеке заттарын алып кетуге тырысқан. Алайда марқұмның енесі дүние-мүлікті қайтарудан үзілді-кесілді бас тартқан.
"Қалыңмал бергенбіз", – деді марқұмның енесі жағдайды түсіндіруден бас тартып.
Қайын жұрттың бұл әрекеті желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас туғызып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқырмандар қайғы жамылған отбасының құқығын қорғау үшін тиісті органдарға жүгіну керектігін жарыса жазуда.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...