“Қамап ұстап, пәтерін атына аударып алған”: астаналық қарияның жағдайы елді шошытты
Астанада 85 жастағы, көзі көрмейтін кейуананың үйі көршілерінің атына өтіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл ақпаратты қарияның көршісі Мәдина Зұбайраева мәлімдеп, жалғыз ұлынан айырылған әжеге күтімді бірнеше көрші бірлесіп көрсетіп келгенін айтты. Алайда баспана өзге тұлғаларға рәсімделгеннен кейін, кейуананы дұрыс қарамағаны жөнінде шағымдар пайда болған.
Әжеге қараған Инна бұл айыптауларды жоққа шығарып, үйде ешкім болмаған кезде қарияны сыртынан жауып кету қауіпсіздік мақсатында жасалатынын жеткізді. Сонымен бірге, оның айтуынша, қария өз үйін Иннаның азаматтық некедегі жұбайы мен тағы бір көршісінің атына өзі рәсімдеп берген. Әкімдік өкілдері кейуананың қазіргі уақытта медициналық тексеруден өтіп жатқанын растады және тексеріс қорытындысында қарсы көрсетілімдер анықталмаса, оны “Шарапат” орталығының стационарына арнайы әлеуметтік қызметтер алу үшін жіберу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар