Қамауға алынған Перизат Қайраттың жан құрбысы оқиғаға қатысты бар шындықты айтты
2091
Оның жан құрбысы желіде істің ақ-қарасына қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Осы постты оқып отырған әрбіріңізге құрбымыз Перизатқа қатысты айтарымыз бар.
Перизатты 10 жылдан аса уақыт танимыз, қайырымдылық қорынан бөлек оның отбасылық жеке бірнеше кәсіптері бар. Ол қайырымдылық жолына өзінің ауыр апаттан аман қалып, әлемге пайдалы болғым келеді деген ниетімен келгенін білеміз. Құрбы дос ретінде, ақкөңіл, әрдайым әділдікті аңсайтын жан. Әлі толық дәлелдер шықпай, анық қанығына жетпей жатып, үкім шығаруға асықпайық.
Ақ адал еңбегімен тірлік етіп, халқына қайырымдылық жасауға бар күш-жігерін жұмсап, маңдай терін төгіп жүрген құрбымыз Перизат Қайратқа жала жабылмаса екен дейміз.
Алдына табанды мақсат қойып, шетелде білім алып, ел қатарлы кәсіппен айналысқан оның өмір және еңбек жолы тартысқа толы болғанына қарамастан, ол қиындықтың барлығын ерік-жігерімен жеңіп, қатарының алды болып жүрген жалынды жастардың бірі! Біз озық ойлы, еріктілердің басын қосып, еліне қызмет етіп жүрген Перизаттың жазасыз жапа шекпей, ақталып шығарына сенеміз!», — деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
23:05
Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы ая...
09.09.2026
22:25
Дрондардан кейін КҚК терминалында не болды? Маң...
09.09.2026
21:30
«Өзімді қорғадым»: Танысын пышақтап өлтірген Ор...
09.09.2026
20:36
29 перзентханада санитарлық талап сақталмаған: ...
09.09.2026
20:06
Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабатта...
09.09.2026
19:10
200 студент шетелде шарасыз қалды: Лос-Анджелес...