«Қанат қасынан шықпай жүр»: Сабина Мовлаеваға қатысты жаңа сыбыс тарады

18.12.2025 13:13 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қанат қасынан шықпай жүр»: Сабина Мовлаеваға қатысты жаңа сыбыс тарады
0
69
Коллаж: Politico.kz

Желіде блогер Сабина Мовлаева мен актер Қанат Тасханның бірге түскен видеолары қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Соңғы уақытта екеуінің түрлі форматтағы видеолары TikTok пен Instagram платформаларында жиі жарияланып, көрермен назарын аударды. Кадрларда Сабина мен Қанаттың еркін сөйлесіп, бір-біріне жақын қарым-қатынаста жүргені байқалады. Осы жайт желі қолданушылары арасында «кездесіп жүр ме?» деген сұрақтың тууына себеп болды.

Пікір білдірушілердің бірі актердің блогердің қасынан шықпай жүргенін атап өтсе, енді бірі әзіл-қалжың аралас тілектерін жазып жатыр:

«Қанат қасынан шықпайтын болыпты ғой», «Қанат болғым келеді, Қанат болғым»,  «Қанаттың басы бос болса, тиіп алшы, әдемі жарасып тұрсыңдар», «Қанат рахатын көріп жүр ау, мәз ғой бала», – деп жазды оқырмандар.

Дегенмен, желідегі қызу талқылауға қарамастан, Сабина Мовлаева да, Қанат Тасхан да араларында махаббат қарым-қатынасы бар екені туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазіргі таңда бұл тек желі қолданушыларының болжамы мен пікірлері ғана.

Айта кетейік, Сабина Мовлаева да, Қанат Тасхан да әлеуметтік желіде белсенді, түрлі жобаларға қатысып, контент арқылы жиі көзге түсіп жүр. Сондықтан олардың бірге түскен видеолары кәсіби немесе достық форматта болуы да әбден мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий