Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымынан айырылды

31.10.2025 09:01 Арман Ермеков
Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымынан айырылды
0
393
фото: Informburo.kz

Президенттің бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Шарлапаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімімен директорлар кеңесінің құрамынан алынды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта ұйымның басқарушы органында 9 адам қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Қанат Шарлапаевтың соңғы уақыттағы жоғары лауазымдардан кетуінің жалғыз мысалы емес. Осыдан бір ай бұрын, 25 қыркүйекте, ол Қазақстан Президентінің көмекшісі қызметінен босатылған болатын. Дәл сол күні оның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан да шығарылғаны хабарланған еді.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Ол 2022 жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған.

Саратовта және Ұлыбританиядағы Cranfield School of Management оқу орнында білім алған. Көп жыл бойы «Сити» инвестбанкінің Ұлыбритания, Чехия, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердегі бөлімшелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Қазақстандағы мансабын 2022 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы ретінде бастады. Одан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі, ал 2025 жылдың ақпанынан 25 қыркүйегіне дейін Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий