"Қанша ауруға себеп". Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға үндеу жасады
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздардың суық күнде жеңіл киінетіндерін сынады.
Қазіргі балалар етік кимейді, кроссовкимен жүре береді. Көшеде капрон колготки, қысқа шортымен жүрген қыздарды көріп, апатай осылай деп жатыр. Рас, бәріміз де бала болдық. Үйден қымтап қоя берсе, шетке шыққан соң бәрін шешіп тастайтын едік қой. Қазір апа үйдегі барлық немересінің аяқ киімін түнде міндетті түрде кептіреді. Сіңлілерім, табаннан өткен суық жаман болады. Оның қанша ауруға себеп екенін білсеңдер ғой. Бастарың мен аяқтарыңды жылы ұстаңдар! Сұлуынан жылуы керек, – деп жазды БАҚ өкілі.Тележурналистің анасы да жеңіл киініп жүрген келіншекті сынады.
Қазір күн суық. Ызғар жел бар. Көшедегі адамдардың үстіне қарап отырмын. 50 жастағы келіншек шортымен кетіп бара жатыр. Бұл дұрыс емес. Біз балаларымызға аяқтарынан су өтпеу үшін етіктің ішіне пакет орап беретінбіз. Біздің шешелеріміз етікке киізден ұлтарақ жасап беретін. Оны қайшымен қиып, етіктің табанына шақтаушы едік. Табаннан өткен суықтың емі жоқ, – деді журналистің анасы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...