Қаңтар ҰБТ-сының статистикасы жарияланды

Қаңтар ҰБТ-сының статистикасы жарияланды
13.01.2025 12:21
0
212
ҰБТ-ның бірінші күнінде 2 277 талапкер тестілеуден өтті

Қазақстанда қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, тестілеуге қатысу үшін 167 мыңға жуық адам өтініш берген. Тестілеуге қатысушылардың:
🔹 76,7%-ы – қазақ тілінде,
🔹 23,2%-ы – орыс тілінде,
🔹 142-сі – ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған.

Тестілеудің алғашқы күні еліміз бойынша 2 277 талапкер, оның ішінде Астанада 155 адам сынақ тапсырды.

«Бірнеше жыл қатарынан ең жиі таңдалатын пәндер комбинациясы – "Математика-Физика" (17,5%). Бұл бағытты болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер, энергетиктер мен құрылысшылар таңдайды. Одан кейінгі орында "Биология-Химия" (17,3%) – болашақ медицина мамандары, ал үшінші орында "Математика-Информатика" (10,3%) – IT саласының болашақ мамандары», – деді Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға жазғы тестілеуде шекті балл жинай алмағандар мен шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқуға түскендер қатысады.

ҰБТ 10 ақпанға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или