Қарағанды облысында 50 адам отырған автобус аударылды
1239
Қарқаралы ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалған. Көлік ішінде шамамен 50 адам болған.
Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Министрліктің мәліметінше, Қазавиақұтқару әуе кемесі арқылы үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
Сонымен қатар, құтқарушылар мен дәрігерлердің сүйемелдеуімен тағы 30 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерімен қатар Апаттар медицинасы орталығы, жедел жәрдем бригадалары және полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады