Қарағанды-Астана жолында 700-ден астам көлік тұр

Қарағанды-Астана жолында 700-ден астам көлік тұр
15.12.2024 10:12
0
562
ТЖМ

Қарағанды облысында күрделі ауа райы жағдайынан туындаған жолдағы көктайғаққа байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық тас жолдар жабылды. Осыған байланысты жолдарда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, облыста түнде 1000-нан астам көлік жолда кептеліп қалған.

“Қазіргі таңда облыста 1000-нан астам көлік тоқтап тұр. Әсіресе күрделі жағдай Қарағанды-Астана бағытында байқалады, онда көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік жиналып қалды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары түнде Қарағандыдан Ақмола облысының шекарасына дейін 700-ден астам және қарсы бағытта 1000-нан астам көлікті алып жүруді ұйымдастырды”, делінген Ішкі істер министрлігінің таңға жуық жария болған ақпаратында.

Әзірге Ішкі министрлігінің де, Төтенше жағдайлар министрлігінің де таңертеңгі жағдай бойынша еш ақпараты жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий