Қарағандыда екі жұмысшы топырақ астында қалып мерт болды

Бүгін Қарағанды қаласында қайғылы оқиға орын алды. Шахтерлер даңғылында кәріз құбырын ауыстыру жұмыстары жүріп жатқан кезде, кенеттен топырақ опырылып, екі жұмысшыны басып қалды.
Олар «НС Система» ЖШС мердігерлік ұйымының қызметкерлері болған. Жер астында қалған адамдарды дер кезінде құтқару мүмкін болмады, олар тұншығып көз жұмды. Оқиға орнына келгендердің оларды аман алып қалуға бағытталған әрекеттерінен нәтиже шықпаған.
Қазіргі уақытта полиция органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі, яғни «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мердігер ұйымның басшылығы болса, жерлеу рәсіміне қатысты барлық шығынды өз мойнына алатынын хабарлады.
Соңғы жаңалықтар





