Қарағандыдағы полиция пунктіндегі оқиға: қайтыс болған қыз туралы не белгілі?
Қарағандыдағы полиция пунктіндегі оқиға елді дүрліктірген еді. Қыздың өлімі мен инспектордың ес-түссіз күйі көп сұрақ туғызды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
23 жастағы қыздың жанында ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор Даурен Досов ауруханадан шығарылды.
Инспектордың қазіргі жағдайы
30 қыркүйекте аға учаскелік инспектор Досовты полицияның тірек пунктінде ес-түссіз күйде тапқан. Көрші бөлмедегі диванда 23 жастағы қыздың мәйіті жатқан.
Ауруханадан шыққаннан кейін полиция майоры қызметінен босатылды — Михайлов бөлімі бастығының бұйрығымен оны «теріс себептермен» жұмыстан шығарған.
Қыздың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Досов қорғану құқығы бар куәгер ретінде өтіп жатыр.
Дәрігерлер диагнозды неге жарияламайды
Дәрігерлер инспектордың нақты диагнозын айтуға бас тартқан. Олар бұл — дәрігерлік құпия, ал журналистер пациенттің туысы болмағандықтан, ақпарат беруге құқылары жоқ екенін атап өткен.
Қыздың өліміне себеп әлі анықталған жоқ
Ресми органдар 23 жастағы қыздың қалай қайтыс болғанын және инспектордың комаға не себепті түскенін жариялаған жоқ. Полиция департаментінің мәлімдеуінше, сот-медициналық сараптама жүрек тоқтауының нақты себебін анықтап береді.
Айта кетейік, 29 қыркүйек, шамамен сағат 23:00-де, Досов қызбен бірге тірек пунктіне келген. Қыз ұсталған адам болмаған — тергеу мәліметінше, олар бір-бірін таныған.
30 қыркүйек күні кешке аға учаскелік инспектор қызды өлі, ал майор Досовты коматозды күйде тапқан.
Қызметтік тексерістен кейін Қарағанды облыстық ПД тәртіптік комиссиясы Михайлов полиция бөлімі бастығы Аскар Садвакасовты, jның орынбасарын қызметтен босату туралы шешім қабылдады.
Cонымен қатар, қала полициясы басқармасының бірнеше басшысына учаскелік инспекторлар арасындағы бақылаудың әлсіздігі үшін сөгіс жарияланды.
Соңғы жаңалықтар