Қарағандыдағы қатыгездік: ер адам әйелін темірмен ұрып, қайнаған су құйған

23.04.2026 11:37 Мөлдір Қайнар
Қарағандыдағы қатыгездік: ер адам әйелін темірмен ұрып, қайнаған су құйған
732
Фото: istock

Қарағандыда 19 жастағы Риза есімді қыз бұрынғы күйеуінің ауыр соққысынан ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін шұғыл ота жасап, көкбауырын алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Politico.kz.

"Новый вестник" газетінің жазуынша,әйел болашақ күйеуімен спорт залда танысқан. Сол кезде қыз 16 жаста, ал ер адам 32 жаста болған. Оның сөзінше, алғашқы жақындық өз еркінен тыс болған, 17 жасында жүкті болып, тұрмысқа шығуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан ата-анасы бейхабар болған.

Тұрмыс құрғаннан кейін жанжалдар жиілеп, зорлық-зомбылық тұрақты сипат алған. Қыздың айтуынша, күйеуі оны ұрып-соғып қана қоймай, күйдіріп, қорқытып, түрлі видеоларға түсіруге мәжбүрлеген.

«Әр жанжалдан кейін түрлі жолмен жазалайтын. Бірде оны далаға апарып, құбырмен ұрып, үстіне қайнаған су құйған», – делінген ақпаратта.

Кейін ер адам ажырасуға өтініш бергенімен, қыз баласының болашағы үшін онымен бірге тұруын жалғастырған. Алайда сәуір айында болған кезекті жанжал ауыр зардапқа әкеліп, ол ауыр жарақат алған. Нәтижесінде дәрігерлер шұғыл операция жасап, көкбауырын алып тастаған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады. 11 сәуір күні жарақат алған 19 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий