«Қарым-қатынасқа салынған инвестиция»: Қордай тұрғыны бұрынғы сүйіктісінен ақша талап етіп, сотқа берді

11.04.2026 15:23 Қарақат АСЫЛОВА
«Қарым-қатынасқа салынған инвестиция»: Қордай тұрғыны бұрынғы сүйіктісінен ақша талап етіп, сотқа берді
267
Жамбыл облысында «қарым-қатынас шығынын» қайтармақ болған ер адам сотта жеңілді

Жамбыл облысының Қордай ауданында ерекше сот ісі қаралды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жергілікті тұрғын бұрынғы сүйіктісінен 2,5 миллион теңге өндіруді талап еткен. Ерлі-зайыпты болуды жоспарлаған жұп шамамен 4–5 ай кездескен. Осы уақыт ішінде ер адам әйелге және оның екі баласына қаржылай көмектесіп, тұрмыстық қажеттіліктеріне ақша аударып отырған. Алайда қарым-қатынас аяқталған соң, ол жұмсаған қаражатын «инвестиция» ретінде бағалап, барлығын қайтаруды сұрап, сотқа жүгінеді.

Өз кезегінде әйел бұл талаппен келіспей, ешқандай қарыз алмағанын және ер адамның көмекті өз еркімен көрсеткенін айтқан. Оның сөзінше, қаражат дәрі-дәрмекке, киім-кешекке және күнделікті қажеттіліктерге жұмсалған.

Сот істі қарау барысында тараптар арасында ешқандай қарыз шарты болмағанын анықтады. Қаражатты қайтару туралы келісім, қолхат немесе өзге де дәлелдер ұсынылмаған.

Осыған байланысты сот ер адамның талабын қанағаттандырудан бас тартты. Шешім заңды күшіне енді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий