Қарыз алып ауызашар істеуге бола ма? Бас мүфти жауап берді

Қарыз алып ауызашар істеуге бола ма? Бас мүфти жауап берді
27.02.2025 11:11
0
92
Ашық дереккөз

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, шариғат бойынша кез келген дастарханға ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс.

"Ислам дініміз адамға ешқашан қиыншылықты бұйырмайды. Сондықтан шамасы келген адам садақа мен ауызашар береді. Қарызға батып, ауызашар бергеннен гөрі, ауызашар беруге ниет қылып, яғни кішкене құрма немесе бір жұтым суды ауызашар ретінде берсе, соның өзі жеткілікті. Осы арқылы ауызашардың сауабын алады", – деді бас мүфти.

Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айы қарсаңында MuftyatBot атты арнайы Telegram-бот іске қосылғанын атап өтті. Бұл бот арқылы жалпы діни сұрақтарға жауап алуға болады. Жоба шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған.

Сондай-ақ, мүфтият жанындағы Діни ақпарат беру орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Колл орталықтың нөмірі: 8 707 233 30 30.

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий