Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылуына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылуына қатысты
14.01.2025 17:12
0
64
t.me/aqorda_resmi
«ADSW-2025» – климат өзгерісіне қарсы күрес алаңы.

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.

Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар.

Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» (ADSW) – орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге бағытталған. Биыл форум «Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету» (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или