«Қатты кетіп бара жатырсыз»: Фариза Ескермес ашық образымен қызу талқыға түсті
Қазақстандық әнші әрі актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желіде жариялаған жаңа фотосессиясымен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі ашық үлгідегі көйлек пен капрон шұлық киген суреттерін Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz
Желі қолданушыларының бір бөлігі актрисаның батыл образы мен стильдік шешімін жоғары бағалап, оның сырт келбеті мен еркіндігін қолдады. Олар Фаризаның заманауи сәнге сай киініп, өзін сенімді ұстайтынын атап өтті.
Алайда сын пікір білдірушілер де аз болмады. Кейбір оқырмандар актрисаның таңдаған образы қазақы таным-түсінікке сай емес екенін айтып, оның ашық киімін орынсыз санаған.
«Қатты кетіп бара жатырсыз», «Қазақтың қызына тән емес», «Бұл фотомен не айтқыңыз келді?» деген секілді пікірлер желіде жиі кездесіп жатыр.
Фариза Ескермес бұл сындарға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен актрисаның әрбір қадамы қоғам назарында екенін және оның образы көрерменнің әрқилы қабылдауына себеп болатыны анық.
Өнер адамының жеке таңдауы мен шығармашылық еркіндігі төңірегіндегі бұл тақырып желіде әлі де талқылана бермек.
Соңғы жаңалықтар