«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева кешірім сұрады

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева кешірім сұрады
09.04.2025 21:02
0
882
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Бірнеше күн бұрын белгілі әнші Қарақат Әбілдина Астанада өз туған күнін дүркіретіп атап өткен еді. Сол кеште Айгүл Иманбаеваның қонақтардың арасынан қарасы көрінбеген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Айгүл Иманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өмірімдегі мен үшін өте қымбат, қатты құрметтейтін жанды ренжітіп алдым. Бүгін кешірім сұрауға және құттықтауға арнайы келдім. Ол жан ешкімге ренжи алмайтын, бәріне болса екен деп тілейтін, жүрегі кең, жаны дархан, айналасына нұрын шашып жүреді, деді ол.

Әнші Қарақатты құттықтауға арнайы бір құшақ гүлдерімен келген.

Сені күттім. Қатты ренжімесем де, ренжігенім рас. Бірақ бұл жанға ренжи де алмайды екенмін. Ықыласыңа рақмет, Айгөлек! Менің ең сүйікті гүлдерімді әкеліпсің, деп өнердегі әріптесіне алғысын білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий