Қауіпті токсин: Nestlé Қазақстанда балалар тағамын кері қайтарып жатыр

06.01.2026 15:36 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қауіпті токсин: Nestlé Қазақстанда балалар тағамын кері қайтарып жатыр
0
416
Фото: ашық дереккөз

Nestlé компаниясы Қазақстан аумағында балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатқанын мәлімдеді. Әңгіме құрғақ тез еритін сүт және қышқыл сүт қоспалары, сондай-ақ аминқышқылдарға негізделген емдік диеталық құрғақ қоспа туралы болып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның хабарлауынша, бұл шешім сақтық шарасы ретінде қабылданған және Nestlé-дің жаһандық өнімді кері қайтару бағдарламасының бір бөлігі саналады. Себеп — сыртқы жеткізушіден алынған арахидон қышқылы құрамында цереулид токсині болуы мүмкін деген қауіп.

Цереулид деген не?

Цереулид — Bacillus cereus бактериясы бөлетін қауіпті токсин. Оның басты ерекшелігі — қайнату мен қайта қыздыру кезінде жойылмайды. Әдетте бұл уыт бөлме температурасында ұзақ сақталған тағамдарда түзіледі. Адам ағзасына түскен жағдайда жедел тағамдық улануға әкеліп, жүрек айну, құсу, іштің қатты ауруы сияқты белгілермен көрінеді.

Компания не дейді?

«Бұл ингредиенттің мөлшері өте аз болғанына және Қазақстанда цереулидтің тағам өнімдеріндегі мөлшері нормативтелмегеніне қарамастан, Nestlé компаниясы ықтимал қауіптерді азайту мақсатында шешім қабылдады. Осыған байланысты “Нестле Фуд Казахстан” ЖШС 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап балалар тағамының белгілі бір партияларын **ерікті түрде кері қайтару шараларын бастады», – делінген ресми хабарламада.

Компания бұл жағдай туралы реттеуші органды алдын ала хабардар еткенін, сондай-ақ тұтынушылар мен серіктестерге барлық қажетті ақпарат беруге дайын екенін мәлімдеді.

Қай өнімдер кері қайтарылады

Кері қайтару келесі балалар тағамдарына қатысты:
NAN 1 OPTIPRO
51500346AA, 51740346AC, 51510346AA, 52180346AA, 51740346BA, 52200346BA
NAN 2 OPTIPRO
51420017C5, 51670017C2, 52940017C2, 51680017A1,
5200167811, 5200167821, 5220767821, 5240167821, 5241167821, 5256167811
NAN қышқыл сүтті
51220017A2, 51230017A1
NAN лактозасыз
51400346AA
ALFARE Amino
51050017Y2

Тұтынушылар не істеуі керек?

Аталған партияларға жататын өнімді сатып алған тұтынушылар оны қайтару тәртібі бойынша қайтара алады. Толық ақпарат nestlebaby.kz ресми сайтында қосымша жарияланады.

Кеңес алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы іске қосылған:
📞 +8 800 080 55 44

Nestlé компаниясы кері қайтару тек шектеулі партияларға қатысты екенін және Қазақстан нарығындағы өзге балалар тағамдарына бұл шараның қатысы жоқ екенін ерекше атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий