"Қайраттың" жұлдызды қорғаушысы командамен қош айтыспақ

21.10.2025 11:43
0
49

Грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария 2024 жылғы маусым аяқталғаннан кейін "Қайрат" сапынан кетпек, деп хабарлайды POLITICO.KZ 

28 жастағы футболшы алматылық клубпен келісімшарты жыл соңында аяқталады. Алайда қос тарап келісімшартты ұзартпау туралы ортақ шешімге келген.

Зария "Қайрат" қатарына биылғы маусым қарсаңында қосылып, қысқа уақыт ішінде команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол Қазақстан Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымында үздік жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді. Сонымен қатар “Қайраттың” ел біріншілігі мен 2025 жылғы Суперкубокты жеңіп алуына зор үлес қосты.

Қазір грузиялық ойыншы алматылықтармен бірге УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, команда ішкі біріншілікте де чемпиондык атаққа таласуда. ҚПЛ-да маусымның аяқталуына бір ғана тур қалғанда, "Қайрат" басты қарсыласы "Астанадан" 2 ұпайға алда келеді. Біріншіліктің тағдырын шешетін шешуші кездесу 26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. 

Айта кетейік, “Қайрат” 21 қазан күні яғни бүгін Чемпиондар лигасында өз алаңында Кипрдің “Пафос” клубын қабылдайды. Қос командада алғаш рет чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып отыр. Сондықтан екі құрама үшін бұл матч маңызды ойын болмақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий