Жаңаөзенде не болып жатыр? ҰҚК ереуіл ұйымдастырмақ болған топты ұстады
Жаңаөзенде мұнайшыларды жаппай ереуілге шығаруға әрекеттенді деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдары бірлесіп өткізген, деп хабарлайды Politico.kz.
Күдіктілер мұнай және газ саласындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласқан. Олар жұмысшыларды жаппай наразылыққа шығуға итермелеп, «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржы алуға тырысқан.




Дереккөздердің хабарлауынша, талаптары орындалмаған жағдайда күдіктілер мұнайшылардың наразылығын пайдаланып, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларын қайталауға әрекеттенуі мүмкін болған.
Күштік құрылымдардың операциясы нәтижесінде күдіктілер ұсталған. Адам өліміне, жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылыққа жол берілмеген.
Бұған дейін блогер әрі белсенді Азамат Сәрсенбаев Жаңаөзенде ауқымды ұстау операциясы өткенін хабарлаған. Оның мәліметінше, «Jana Oil Service» ЖШС (бұрынғы «Кезби») және «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылары ұсталған.
Ал «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ басқармасының құрамына кіретін басшылардың ешқайсысы ұсталмағанын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар