«Қайрат» пен «Реал» матчына билет алуға 130 мыңнан астам адам кезекке тұрды

 «Қайрат» пен «Реал» матчына билет алуға 130 мыңнан астам адам кезекке тұрды
23.09.2025 17:49
0
115
Фото: instagram.com/f.c.kairat/

Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге билет сатып алғысы келетін жанкүйерлердің саны 130 мыңнан асты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Ойынға билеттер 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шыққан. Билеттерді Qairat SuperApp қосымшасы, «Қайрат» клубының ресми сайты, сондай-ақ Ticketon мен Freedom платформалары арқылы рәсімдей алады.
Қазіргі уақытта билет алушылар арнайы күту аймағына бағытталды.
Айта кетсек, Алматыдағы Орталық стадион шамамен 24 мың көрерменді сыйдыра алады. Билеттердің бағасы мынадай:
Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1–9-секторлар, 1–2-қатарлар), 250 000 теңге (1–17-секторлар).
Шығыс трибунасы – 150 000 теңге (30–48-секторлар).
Солтүстік және оңтүстік трибуналар (қақпа артындағы секторлар) – 75 000 теңге (18–28 және 49–60-секторлар).

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий