Қайрат пен Жұлдызда тағы бір қуанышын бөлісті
1608
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында қуанышты күн – олардың ұлы Хан 11 жасқа толды. Актриса туған күн иесін түн ортасында құттықтаған сәттің видеосын әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, олардың отбасында туған күнді дәл түн ортасында құттықтау дәстүрге айналған. Ол қызы Алаумен бірге Мөлдір Мұқанованың жаңа фильмінің көрсетілімінен асығыс қайтып, Ханды 11 жасымен құттықтап үлгерген. Туған күн иесіне аю пішініндегі торт дайындалған, үй түрлі-түсті шарлармен әсемделген.
Актрисаның сөзінше, үлкен балалар інілеріне арналған тосынсыйдың сәтті шығуы үшін бар күшін салған. Ханның құрметіне дәстүрлі Happy Birthday әні шырқалды.
Ол мерекелік торттан дәм татып, ағасы Нарұл, әпкесі Алау және анасымен бірге суретке түсті. Айта кетейік, құттықтау рәсіміне Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукаримованың бесінші баласы – үш айлық Рабия Сұлтан да қатысқан.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...