Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған базар сатылымға қайта шығарылды

01.12.2025 14:45 Әсел Мұрат
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған базар сатылымға қайта шығарылды
0
15
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

«Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталындағы үлес бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған. Енді компания қайтадан аукционға шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz. Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Электрондық сауда алаңындағы мәліметтерге сенсек, қараша айында базар үлесін саудаға сату әрекеті сәтсіз аяқталған. Аукцион басталған сәтте қатысуға ниет білдіргендер тіркелмеген.

Қайта сауда 26 желтоқсанда сағат 11:00-де өтеді. Лоттың бастапқы бағасы 1,9 млрд теңгеге төмендеп, 26,7 млрд теңгені құрады, кепілдік төлемі – 2,6 миллиард теңге.

Базар үш нысаннан тұрады, жалпы ауданы 4221,4 шаршы метр және 1,4 гектар жерді қамтиды. Ол өзара байланысы бар компаниялардың меншігінде болған. "КазГерСтрой Бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС, олар Бауыржан Нұрсұлтанға, яғни Кайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі. 2024 жылдың қаңтарында оның үлесі мемлекетке қайтарылды.

Бұрын тергеу аясында Кайрат Сатыбалды "Байсат" базарының көп бөлігін өз еркімен қайтарған. 2024 жылдың қазан айында объект "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" балансында тіркелді. Базардан алынған барлық табыс арнайы мемлекеттік қорға бағытталды. Бұл қаражат мемлекет қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Еске салайық, былтыр Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қайрат Сатыбалдының ұлы мемлекетке тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігін қайтарған еді. Мүлік жалпы ауданы 4 221,4 м² болатын 3 объектіден және 1,4 га жерден тұрады. Сотқа дейінгі тергеу барысында Қайрат Сатыбалды базардың басым бөлігін өз еркімен қайтарған, ал 2022 жылы ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды және 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Қайрат Сатыбалды қазір жазасын Шығыс Қазақстандағы колонияда өтеп жатыр.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий