"Қайырлы таң тілемегені үшін": Ер адам үш жастағы ұлын ұрып өлтірді
Бразилияның Виамао қаласында 33 жастағы ер адам өзінің 3 жасар ұлын аяусыз соққыға жығып, соңы өлімге әкелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ауыр халдегі баланы ауруханаға әкесінің өзі жеткізген. Дәрігерлер кішкентай баланың денесінен көптеген жарақаттарды анықтағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні бірден тұтқындады.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың АҚШ-тан келген миссионер екені белгілі болды. Ол кінәсін толық мойындап, мұндай қадамға баласының өзіне амандаспай, қайырлы таң тілемегені үшін барғанын айтты. Ол ұлын кеудесі мен ішінен жұдырықпен ұрып, кейін басымен жерге соққан.
Тексеріс кезінде отбасының 5, 7 және 9 жастағы өзге 3 баласы да тұрақты түрде зорлық-зомбылық көріп келгені анықталды. Қазіргі уақытта олар отбасынан алынып, арнайы мекемеге орналастырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
10:11
Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын к...
25.11.2026
10:04
«Қазатомөнеркәсіптің» төрт басшысы ұсталғаны ха...
25.11.2026
09:40
Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден аст...
25.11.2026
09:32
Іздеуде жүрген Мәсімовтің экс-күйеу баласы Тоқа...
25.11.2026
09:15
Бір видеоның дауы: Жаңаөзенде мұғалім мен дирек...
25.11.2026
08:55
ЖИ, 20 жоба, маман даярлау: «Қазақмыс» геология...