«Қазақ аруы» жеңімпазының отбасына қатысты тың дерек шықты
Дария Қуатжан байқаудың кастинг кезеңінде анасының денсаулығына байланысты қиын күндерді өткергені жайлы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Өзімнің өмірімдегі бір жағдайды бөліскім келіп тұр. Бір жыл бұрын мен үшін сынақтар көп болды. «Қазақ аруы» байқауына кастинг жүріп жатқан кезде мен үшін ауыр кезңдердің бірі болды. Анама қатерлі ісік диагнозы қойылды. Басында мойындамадық, тіпті сенбедік. Әрбір тексерістен тек позитивті көңіл-күймен шығып жүрдік. Диагнозды қатерлі ісіктің екінші деңгейі деп қойды. Оған дереу ота жасау керек болды. Біз қарапайым отбасыдан шыққанбыз, оны оқырмандарым жақсы біледі. Шетелге шығу туралы тіпті ойламадық, ол кезде бизнесім енді басталып келе жатқан еді. Алматының білікті дәрігерлерлеріне сеніп тапсырдық. «Қазақ аруы» кезінде қолдаушылар көп деп айтқаныммен, өзімді жалғыз сезіндім. Қайша Керейдің бастамасымен Түркияға барып, 10 млн-ға ота жасап келдік. Қазір жарты жыл сайын тексерістен өтіп жүр. Ал анам менің нағыз батыр адам. Себебі бізді жақсы тәрбиелеп өсірді. Тіпті үй шаруысы барлығы сол кісінің мойнында болды», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар