«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көмек көрсетті (ВИДЕО)
Жамбыл облысының Шу ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 250 отбасыға тегін азық-түлік таратылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы мәлімдеді. Қайырымдылық шарасы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында ұйымдастырылған. Тұрғындарды қолдау мақсатында әр ауылдағы 50 үйге мереке қарсаңында азық-түлік себеті табысталды.
Сонымен қатар өңірде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасып жатыр. Шу қаласы мен Бірлік ауылында 346 млн теңгеге тез салынатын модульдік спорт залдары ашылды. Бұл нысандар «Қазақмыс», «Қазақстан халқына» қоры және облыс әкімдігінің бірігуімен бой көтерген. Енді күніне 100 шақты адам жыл бойы футбол, волейбол және баскетбол ойнай алады. Жаңа кешендерде балалар мен ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен айналысуына толық жағдай жасалған.
Жалпы 2023 жылдан бері аймақтағы әлеуметтік жобаларға 1,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа ойын алаңдары салынып, ауылдар абаттандырылды және көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар