«Қазақмыс» Жезқазған кенішінің жұмысын ұзарту үшін Ұлытау облысында барлау жүргізуде

09.09.2026 17:04 Қарақат АСЫЛОВА
«Қазақмыс» Жезқазған кенішінің жұмысын ұзарту үшін Ұлытау облысында барлау жүргізуде
41
Фото: KAZAKHMYS

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған кен орнының қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында ауқымды геологиялық барлау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Аймақтағы зерттеу процесіне «Kazakhmys Barlau» компаниясы жауапты. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден асатын бұрғылау жұмысы жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 10 мың метрге жуығы орындалды. Күрделі жұмысқа бес бұрғылау қондырғысы жұмылдырылған.

Мамандар кен орнының қапталдарындағы бұрғылауды толық аяқтады. Ендігі негізгі күш терең қабаттар мен жер бетіне жақын минералдану аймақтарына бағытталып отыр. Зерттеушілер осы арқылы кен денелерінің жалғасын нақтылап, қосымша ресурстарды бағаламақ.

Жалпы минералдық-шикізат қорын толықтыру корпорацияның басты стратегиялық бағыттарының бірі саналады. Алынған нәтижелер Жезқазған кен орнының нақты әлеуетін анықтауға көмектеседі. Жаңа ресурстар табылған жағдайда кеніштің алдағы пайдалану мерзімі айтарлықтай ұзарады.

Войдите, чтобы оставить комментарий