“Қазақпыз дегенде жылап жібердік…“: Ақтаудағы апаттан аман қалған қырғыз

“Қазақпыз дегенде жылап жібердік…“: Ақтаудағы апаттан аман қалған қырғыз
29.12.2024 13:38
0
145
видеодан скриншот

Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушыларының бірі, Қырғызстан азаматы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

24.kz телеарнасының мәліметі бойынша ер адамның аты - Эрлан Жүнісәлиев. Оның денесінде сынған, көгерген жерлер бар.

Жәбірленуші ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Ол кезде жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген.

"Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбеді", - деді қырғызстандық.

Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған.

"Бізді шығарғаннан кейін "кімсіздер?" деп сұрадық. "Қазақпыз" дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық", - деді ер адам.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или