«Қазақша неге жоқ?»: Канье Уэст концертіне қатысты дауға ұйымдастырушылар түсініктеме берді
Алматыда Канье Уэстің концерті кейінге қалдырылғаннан кейін ұйымдастырушыларға қатысты жаңа дау туындады, деп хабарлайды Politico.kz.
Көрермендер стадионнан шығарылған кезде ақпараттық экрандарда қазақ тіліндегі ескерту болмаған.
Оқиғаға First Media Group компаниясының негізін қалаушы Дана Қарағұсова түсініктеме берді. Оның айтуынша, хабарламалардың бірнеше тілде ғана көрсетілуі алдын ала жоспарланған шешім емес.
Концерттің кейінге шегерілуі форс-мажор жағдайына байланысты болған. Сол сәтте ұйымдастырушылар үшін көрермендерді ғимараттан мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз шығару маңызды болған.
Қарағұсованың сөзінше, экрандарды басқару сол уақытта Канье Уэстің командасының қолында болған. Пульттегі маман қолында дайын тұрған нұсқаулықтарды бірден экрандарға шығарған.
Ұйымдастырушы қазақ тіліндегі нұсқаны дайындап, қосымша экрандарға шығару үшін уақыт болмағанын айтты. Ол жағдайды мемлекеттік тілге деген құрметсіздікпен байланыстырмауға шақырды.
«Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігі тұрды. Болмаған жерден құрметсіздік іздемеулеріңізді сұраймыз», – деді Данна Қарағұсова.
Соңғы жаңалықтар