Қазақстан артық өндірілген мұнай үшін өтемақы төлейді

Қазақстан 2024 жылғы артық өндірілген мұнай көлемін өтеуге міндеттеме алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Энергетика министрлігі ОПЕК+ ұйымының 58-ші Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің отырысынан кейін мәлімдеді.
"Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылғы артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды. Теңіз кен орнын кеңейту жобасының іске қосылуына байланысты биыл мұнай өндіру көлемі артқанымен, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін сақтау маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестерімен келіссөздер жүргізеді", – делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Келіссөздер барысында министрлер мұнай нарығының тұрақтылығы ОПЕК+ елдері қабылдаған қосымша ерікті шектеулердің арқасында қамтамасыз етілгенін атап өтті. Келесі отырыс 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар





