Қазақстан трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздерді күшейтуде

Қазақстан трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздерді күшейтуде
13.12.2024 09:11
0
173
martebe.kz
Халықаралық бастамалар: Қазақстан су дипломатиясын дамытуды жалғастыруда

Қазақстан су дипломатиясын белсенді түрде дамытып келеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ел биыл Халықаралық Аралды құтқару қорына үш жылдық төрағалығын бастап, көршілес мемлекеттермен трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша бірқатар маңызды келіссөздер өткізді.

Жыл басынан бері Қазақстан Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізді. Нәтижесінде, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария өзендері арқылы елімізге су беру туралы келісімге қол жеткізілді. Қытаймен Ертіс және Іле өзендерін қоса алғанда, 20-дан астам трансшекаралық өзен бойынша келіссөздер жалғасуда.

Қазақстанның БҰҰ-ның Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан тыс пайдалану құқығы туралы Конвенциясына қатысуы трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуге ықпал ететін маңызды қадам болды. Бұл халықаралық келісім Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы ұстанымын нығайтады.

Сонымен қатар, Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысын жандандыруға және аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар ұсынуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий