Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

08.07.2026 13:02 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады
185
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды Politico.kz.

Синоптиктер 9, 10 және 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың әсерінен күн күркіреп, бұршақ жауады және дауылды жел соғып, өткінші жаңбыр күтіледі. Шығыс аймақтарда 9 шілдеде жаңбыр жауып, кейіннен күн ашылады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында да қысқа мерзімді жаңбыр сақталады. Ал елдің басқа аумақтарында құрғақ әрі аптап ыстық ауа райы орнайды.

Мамандардың болжамынша, күндізгі уақытта еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық +38–45 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы +33–42 градус, ал солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта +32–40 градус болады. Шығыс аймақтарда термометр бағаны +30–38 градусқа дейін жетеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий